Главная страница
Навигация по странице:

  • 11-анықтама.

  • 12-анықтама .

  • конус. Конус. Конус айналу денесі


    Скачать 104.42 Kb.
    НазваниеКонус айналу денесі
    Анкорконус
    Дата18.05.2020
    Размер104.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКонус.docx
    ТипДокументы
    #57744
    страница1 из 2

    С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: Список вопросов теста 1.docx.
    Показать все связанные файлы
      1   2

    Конус – айналу денесі

    Бізге Q тікбұрышты үшбұрышы берілсін (74. 2-сурет). Егер осы тікбұ-рышты үшбұрышты оның катеті арқылы өтетін l осінен айналдырсақ, нәти-жесінде, айналу денесі – конусты аламыз (74. 3-сурет).

    11-анықтама. Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.

    74. 3-суретте О бұрышы тік болатын FAO үшбұрышын оның FO катетінен айналдырғанда алынған конус бейнеленген. Осы суретті және жинақталған ақпараттарды пайдаланып, конустың мынадай қасиеттерін алуға болады:

    1. ОА катеті айналғанда конустың табаны деп аталатын дөңгелекті сызып шығады.

    2. Конустың табан жазықтығы оның FO осіне перпендикуляр, . енді біз конустың биіктігін анықтай аламыз.

    12-анықтама. Конустың төбесінен оның табан жазықтығына жүргізілген перпендикуляр конустың биіктігі деп аталады.

    3. FA гипотенузасы осьтен айналғанда конустың бүйір бетін сызып шығады. Табан шеңберінің кез келген нүктесін конустың F төбесімен қосатын кесінділердің проекциялары тең, сондықтан олар өзара тең кесінділер. Бұл кесінділер конустың жасаушылары деп аталады. Конустың бүйір беті де конустық бет деп аталады.

    Табаны дөңгелек және биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп атайды (грек. konos – «қарағай бүршігі»).

    75-суретте көлбеу (тік емес) конус бейнеленген.


      1   2


    написать администратору сайта