Главная страница
Навигация по странице:

  • Бұл диссертациялық жұмыстың мақсаты

  • Зерттеу объектісі

  • Зерттеудің әдістемелік негізін

  • Зерттеудің нормативтік базасын

  • Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

  • Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін

  • Зерттеу әдістемесі

  • Жұмыстың құрылымы және көлемі.

  • Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасының ұғымдары және олардың іс-әрекеттегі рөлі мен мәні

  • МАгистерскийпроект. Пайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады


    Скачать 165,19 Kb.
    НазваниеПайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады
    Дата09.06.2019
    Размер165,19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМАгистерскийпроект.docx.docx
    ТипДокументы
    #56855
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Пайда және шығындарының кәсіпорын қызметіндегі атқаратын рөлі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғышарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

    Пайданың өсуі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің міндетті шарты болып табылатын өзін-өзі қаржыландыру үшін қаржылық базаны құрады.

    Қазіргі уақытта ұйымда бухгалтерлік есептің жалпы ережелері ғана орнатылады және ал олардың нақтылануы мен орындау механизмі әр бір ұйымдарда оның қызметінің шартынан шыға отырып өңделеді.

    Пайда - бүкіл ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайтын яғни ұйымның экономикалық даму негізін құрайтын қаржылық нәтиже. Табыстың өсуі - ұйым қызметін өзін қаржыландыру негізін қалап, өндірісті ұлғайту негізін қалап, өндірісті ұлғайту негізін қалыптастырады.[2,56б]

    Табыстардың шығындарға қарағанда артуы ұйымның қойған мақсаттарына жетудегі және қызметінің тиімділігін арттырудағы талпынысын көрсетеді. Ұйымдар құрылған кезде өздерінің алдарына ең жоғары дәрежедегі табыс табу мақсатын қояды. Бұл кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.

    Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

    Бұл диссертациялық жұмыстың мақсаты –коммерциялық ұйымдарды басқарудағы экономикалық талдаудың рөлін зерттеу, тиімді басқару үшін шығындарды, пайда мен кірістілікті талдау әдістерін жетілдіру бойынша теориялық пен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Диссертациялық жобаның мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:

    - шығындар мен пайданың коммерциялық ұйымдардың іс-әрекетіндегі рөлі мен мәнін анықтауы;

    - шығындар мен пайданы басқарудағы экономикалық талдаудың рөлін және экономикалық талдаудың теориялық негіздерін зерттеуі;

    - коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруда экономикалық талдау әдістемелерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

    - коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруда экономикалық талдаудың әдістемелерін жетілдіру жолдарын ұсыну.

    Зерттеу объектісі - коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасы, оларды басқаруда экономикалық талдаудың тәсілдемелері мен әдістері.

    Зерттеудің пәні - коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруындағы экономикалық қатынастары.

    Зерттеудің әдістемелік негізін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да, арнайы да (тарихи, формальды) әдістер құрады. Сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді.

    Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, бухгалтерлік есептің қортындылары және бухгалтерлік стандарттар құрады.

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында өздік жүйелі талдау жүргізілді, ол негізгі ақпараттық көрсеткіштерді анықтап, кәсіпорынның табыстылығын жоспарлауын көрсетті. Кәсіпорынның пайдасын және шығындарын алу жүйелі талдау, оның табыс алуының ең маңызды жақтарын көрсете отырып, табысқа ең көп әсер еткен факторларды білу мүмкіндігі берілді.

    Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруда экономикалық талдауды қолдану тақырыбын зерттеу нәтижесінде шығындар мен пайданың коммерциялық ұйымдардың іс-әрекетіндегі рөлі мен мәні теориялық тұрғыдан анықталғаны, ал практикалық жағынан – коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруда экономикалық талдау әдістемелерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері айқындалып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілгені дәлелденгенін айтуға болады.

    Зерттеу әдістемесі коэффициенттер әдісі, бухгалтерлік есеп әдісі, салыстырмалы және абсолюттік көрсеткіштер арқылы талдау.

    Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Ұйымның пайдасын арттыру бойынша теориялық және әдістемелік зерттемелер студенттерге дәріснама негізінде пайдалануға ұсынылады, кәсіпорын табысын қалыптастыруды жақсарту бойынша ұсыныстарды «Маншук АЭ» ЖШС тәжірибе жүзінде қолдануға болады.

    Жұмыстың құрылымы және көлемі. Магистрлік жоба құрылымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    1 Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруда экономикалық талдаудың теориялық аспектілері

    1.1 Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасының ұғымдары және олардың іс-әрекеттегі рөлі мен мәні
    2007 жылғы 28-ақпандағы №234-ІІІ Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңында: «Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады. Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

    Нарық экономикасының маңызды категориясы - пайда. Ұлттық экономиканың кез - келген саласында пайда табу, яғни, оны ең жоғары шегіне жеткізу - өндірістің тікелей мақсаты. Бірақ та, нарықтық экономикасы дамыған елдерде пайда алынбайтын ұйымдарда кездеседі.

    Пайда нарық экономикасының негізін салушы категориясы болғанымен, оның маңыздылығы жөніндегі пікір талас бірнеше ғасырдан бастап, әлі күнге дейін жүруде. Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.

    Пайда дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайдабұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі, экономикалық көрсеткіші. Кез - келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі- қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес.

    Пайда белгілі - бір нысандарды орындайды:

    1. біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды;

    2. екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады;

    3. үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі дейгейін қалыптастырудың бірден бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

    Кәсіпорынның пайдасын арттыру жолдарының мақсаты - шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету, шаруашылықты жүргізудің әртүрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгені ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. [3,135б.]

    Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады. Бірақ та бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару үшін түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою қажет. Кәсіпорын пайда табады: егер түсім өзіндік құннан жоғары болса; егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындарды өтесе; ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса. Кәсіпорын шығынға ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротқа әкелетін жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.

    Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.

    Пайда түрлі деңгейлі бюджетті кірістердің құрылуының көзі. Ол бюджетке салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін және бюджеттен шығатын нақты түрлі мақсаттарға қолданылады. Осындай сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтанда кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау аса маңызды.

    Жалпы пайда - сатылған өнімінің толық өндірістік өзіндік құны және тауарларды (кызметтер мен жұмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.

    Таза пайда (бөлінбеген пайда) - кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.

    Сонымен, пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру қорын жасау және пайдалану үдерісі кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің арасында, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді. Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Пайданы арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру - ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі пайдаға да, келешектегі пайдаға да мүдделі.

    Кәсіпорынның қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты-еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды азайту. Кәсіпорынның пайда табу кепілдігі маркетинг бойынша тиімді жұмыс негізінде сату көлемін арттыру, сонымен қатар, өнімнің сапасын жоғарлату және өнім бірлігіне шаққанда шығындарды азайту болып табылады.

    Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, сапалы өнім бәсекелестікте жеңетін қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жұмсау, сапалы өнім өндіру керек.

    Пайда табу үшін төрт тәсілді еркін қолдану керек:

    1.баға тайындау.

    2.шығындарды жасақтау.

    3.өнім көлемін анықтау.

    4.өнімнің ассортиментін көбейту.

    Кәсіпорынның пайдасын арттыруға берілетін ұсыныстар:

    - еңбек өнімділігін өсіру;

    - прогрессивті техника мен жаңа технологияны өндіріске енгізу;

    - өндірістік шығындарды азайту;

    - нарық бағасының қолайлы ауытқуы.

    Ал шығындар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады» деп атап көрсетілген. Әдетте, шығын шығармай көздеген табысты алу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді табысты шешу мүмкін емес.

    Әрбір іс немесе жұмыс белгілі бір шығындармен байланысты болады. Шығындар болып кәсіпорыннның өнімді дайындауға және өткізуге немесе қызмет көрсетуге кеткен барлық ақша ресурстары танылады. Яғни, шығын - ол меншікті, өндірісті және тауарлы - материалдық қорларды сатуға, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге және зиянды басқаруға байланысты шығындарды қамтиды. Әдетте, ол ақша қаражаттары, материалды қорлар, қозғалмайтын мүліктер, құрылғылар және жабдықтар сияқты активтердің тұрақтамау немесе пайдалану нысанында болады [3,110б].

    Шаруашылық жұмысының сапасын бағалап анықтаушы негізгі көрсеткіштерінің бірі - жалпы шығында едәуір үлесі бар өндіріс және өнімді (жұмыс қызмет) сату шығындары мен оның өзіндік құны.

    Өзіндік құн және оның өсу деңгейі базистік және есепті кезеңдерде негізгі және айналым қорларының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын, тиімділік дәрежесін, еңбекті ұйымдастыру және үнемдеу режимін сақтауды көрсетеді. Өзіндік құн құнның басым құрамдас бөлігі болумен қатар, сондай-ақ өндіріс шығындарының көлемін сипаттайтын басты көрсеткіш, өйткені бұйымның бағасын белгілеу үшін бастапқы базалық қызмет атқарады.

    Сонымен, өзіндік құнның калькуляциясы кәсіпорынға:

    • өнімнің бағасын белгілеуге;

    • шығындарды төмендетуге және оған бақылау жасауға;

    • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында сапалы шешімдер қабылдауға;

    • кәсіпорынның болашағын жоспарлауға көмектеседі.

    Бухгалтерлік есепте шығындар белгілі бір қасиеттері бойынша топталады. Өндірістік шығындарды топтаудың тәсілдері бірнеше факторларға негізделген: кәсіпорын қызметінің өзіндік ерекшелігі, өндірісті ұйымдастыру және технология ерекшеліктеріне, өндірілетін өнім наменклатурасына, ұйымдастырылу құрылымына, нарықтық экокномикаға өту кезеңіне және т.б.

    Өндіріс шығындарын басқару мен оның есебін бақылау мақсатындағы жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіледі.

    1. Шығынның пайда болған жерінде: жауапты орталықтарда (өндірісте, цехтарда, учаскелерде және т.б.) және өндіріс түріне қарай (негізгі, көмекші өндіріс).

    Шығындардың құрамын бақылау мақсатында, олардың қай жерде, өндіріске қанша мөлшерде жұмсалғанын біліп қана қоймай, олардың не үшін, қай бағытта жұмсалғанын, яғни олардың технологиялық үрдіске қатысы бар ма, жоқ па оны да біліп отыру қажет. Осы аталған сипаттарына орай шығындар өндіріс түрлеріне қарай топтастырылады.

    Өндірістік шығындар сипаттамасы бойынша төмендегідей жіктеледі:

    1. Құрамы мен тағайындалуына байланысты шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді:

    - Негізгі шығындар - технологиялық үрдіспен тікелей байланысты шығындар (материалдар, еңбекақы, амортизация және т.б.);

    - Үстеме шығындарға - негізгі және көмекші өндірістерге қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ, басқару және шаруашылық шығындар жатады.

    2. Экономикалық біртектілік бойынша өндірістік шығындар элементтік және комплексті болып бөлінеді:

    - Элементті деп - құраушы бөліктерге жатқызыла алмайтын өндірістік өнім шығындарының біртекті түрлерін айтамыз (шикізат пен материалдар, еңбекақы, жанармай, энергия, т.б.);

    - Кешенді шығындар деп - құрамы біртекті емес шығындарды айтады. Олардың құрамына шығындардың әртүрлі түрлері кіреді, бірақ калькуляцияда жалпы бір сомамен көрсетіледі.

    3. Өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді:

    - Тікелей шығындар - өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты шығындар. Тікелей шығындар өнімнің өзіндік құнына олардың пайда болу сәтінде енеді (шикізаттар мен материалдар, жартылай фабрикаттар, еңбекақы және т.б.);

    - Жанама шығындар - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болады. Жанама шығындар өнімнің өзіндік құнына соңында енеді, ал олардың пайда болу сәтінде өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына енбейді, өйткені өнім мен бұйымдардың бірнеше түрлеріне жалпы болып табылады.

    4. Өндіріс көлеміне қатысты шығындар айнымалы және тұрақты болып екіге бөлінеді:

    - Тұрақты шығындар - бұл өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы).

    - Айнымалы - шығарылған өнім көлемінің өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы);

    5. Құрамы бойынша өндіріс шығындары келесідей баптар және элементтер бойынша топтастырылады:

    - материалдық шығындар;

    - еңбекақы шығындары;

    - еңбек ақыдан аударылатын аударымдар;

    - негізгі құралдардың және материалды емес активтердің тозуы;

    - басқа да шығыстар. [4,178б.]

    Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.

    Қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болған шығындар.

    Тікелей - өнімнің,қызметтің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар,аударымдар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары).

    Жанама - өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шартты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанама шығындар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындарды жіктеуді кесте негізінде суреттейтін болсақ:

    Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (ұйым инженерінің еңбекақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл ұйым үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.

    Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (құрылыста, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).

    Бірэлементті - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, аударымдар).

    Кешенді - бірнеше элементтен тұратындар (құрамында тиісті риск құрамының еңбекақысы,материалдар, аударымдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

    Өзгермелі - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б) және осы кезеңдегі өнімге біркелкі бөлінеді. [5,145б.]

    Өндіріске кеткен шығындар бойынша ақпаратты негізінде шешім қабылдау бірқатар кедергілер туғызуы мүмкін.

    Мысалы, мынандай екі түрлі - өнімге кетен шығындар туралы ақпарат негізінде теріс шешім қабылдауы мүмкін:

    - кәсіпорынға табыс әкелетін өнім өндіруге қызмет көрсетуден бас тартқанда;

    - көрсетілетін қызметің бағасын кателесіп зиян шектік деген желеумен жоғарылатқанда. Осы негізде өндірілген өнімге толық есептелген шығындарды шектеу талап етіледі.

    Осы шығындарды жіктеу жалпы басқару есебінде маңызы өте зор, яғни жіктеу арқылы:

    - басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен олардың бірқатарын өзіне алуына;

    - сегменттік есептің нақты мәліметтері мен жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының қызмет нәтижелерін өлшеуіне;

    - жоспарланған көрсеткіштepгe мәліметтері сәйкес келетіндігі анықтауына септігін тигізеді.[4,125б.]

      1   2   3   4   5
    написать администратору сайта