Главная страница
Финансы
Экономика
Математика
Начальные классы
Биология
Информатика
Ветеринария
Сельское хозяйство
Медицина
Дошкольное образование
Воспитательная работа
Философия
Религия
Этика
Логика
Вычислительная техника
Право
Юриспруденция
Физика
История
Русский язык и литература
Другое
Классному руководителю
Социология
Политология
Языки
Технология
Языкознание
образование
Доп
Физкультура
Химия
Строительство
Электротехника
Автоматика
Связь
Иностранные языки
Промышленность
Энергетика
Искусство
Культура
Геология
Экология
Логопедия
ИЗО, МХК
Школьному психологу
География
Социальному педагогу
Директору, завучу
Музыка
Обществознание
Казахский язык и лит
ОБЖ
Языки народов РФ
Украинский язык

МАгистерскийпроект. Пайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады


Скачать 165,19 Kb.
НазваниеПайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады
Дата09.06.2019
Размер165,19 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМАгистерскийпроект.docx.docx
ТипДокументы
#56855
страница2 из 5
1   2   3   4   5

1.2 Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқарудың теориялық негіздері
Бухгалтерлік есеп стандарттарындағы жалпы қағидаттар мен ережелер негізінде, субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспары, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» заңына сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар, ережелер және рекомендациялар бойынша құралады. Республикамыздғы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық бухгалтерлік стандартқа жақын қарастырылған[6, 52б.].

Жұмыста кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің есебін ұйымдастыруды, оны бағалауды және кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына экономикалық сипаттама беру, оларды тану қағидалары мен табысты тану және жетілдіру жолдарын қарастырылады. Осы ретте пайда және оның мәнін, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесінің қалыптасу тәртібі мен құрылымын, сатудан пайда болған қаржылық нәтиженің есебін, орындалмаған және өзге де операциялардың кірістері мен шығыстарының есебін, пайданы есепті кезең ішінде қолдану есебін, өндірілген өнімдерді, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өзіндік құнын және оларды сатудағы жұмсалған шығындар есебін есептеу, өндірістік және кезеңдік шығындардың туындауын сипаттау, жұмсалынған шығындарды түскен табыстар мен теңестіру сабақтастығын көрсету және бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебінің тәртібі негізге алынады.

Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес табыстар мен шығындар есебінің міндеттері кәсіпорынның барлық табысы мен шығыны туралы есепті жүйелі түрде жасап, ұсыну үшін табыстар мен шығындар туралы есептің белгілі бір баптарын жіктеу, ашу мен есепке алу тәртібін анықтау болып табылады.

Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтері Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңның 3-тараудың қаржылық есептілік элементтері 13-бабында - кірістер мен шығыстарға анықтама берілген. Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалык пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады [7, 16б].

Қаржылық есептіліктің 18 «Табыс» халықаралық стандартына сәйкес табыс ұйымның әдеттегі қызметі барысында, акционерлердің жарналары есебінен болатын капитал ұлғаюларына әкелетін кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны деп аталады [8, 42б.].

Пайда,шығыс және жиынтық табыс есептемесінде келесідей:

(а) табыс және шығыс

(б) жалпы жиынтық табыс

(с) жиынтық табыстың бір мерзімдік мөлшері, шығыс, табыс және жиынтық табыстың барлық мөлшері көрсетіледі.

Егер де ұйым пайда,шығыс және жиынтық табысты бөлек көрсетпесе,онда пайда,шығыс және жиынтық табыс бөлімінде көрсетілмейді [9,164б].

Негізгі қызметтен түскен табыс, негізгі емес қызметтен түскен табыс (шеккен зиян) жалпы табыс пен кезеңдік шығыстардың арасындағы айырма ретінде анықталатын сальдолық қаржылық нәтиже болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі.

- операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметін сипаттайды)

- инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын)

- қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын) [10, 41б].

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне көптеген келесідей факторлар әсер етеді, олар:

1) пайда болу орнына байланысты

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;

3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша

Қаржылық нәтижелердің көрсеткіштері кәсіпорын шаруашылығының барлық бағыттары (өндірістік, коммерциялық, қаржылық немесе кеңес беру) үшін өте маңызды болғандықтан кез-келген қаржылық ақпаратты қолданушылар үшін ең алдымен қажет ақпарат кәсіпорынның жыл сайынғы қаржылық нәтижесі.

Сонымен, кәсіпорынның қаржылық нәтижесі өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші - негізгі қызметтен алынған табыс арқылы анықталады (негізгі қызметтен алынған табыс = жалпы табыс - кезең шығындары). Қаржылық нәтиже негізгі және негізгі емес қызметтен қалыптасып, пайда мен зияндар есептілігі негізінде көрсетіледі. Барлық қаржылық есептілікті пайдаланушылар үшін кәсіпорынның тұрақтылығы, пайдасының жыл сайын артуы негізгі басымдық. Сәйкесінше, кәсіпорынның пайдасын жоғарылатудың негізгі факторы - өндіріс көлемі мен қазіргі ғылыми техникалық дамуға сәйкес жаңа инновациялы технологияларды өндіріске енгізу, арқылы өзіндік құнды төмендетіп, еңбек күшін техника мен технологияларға негіздеу арқылы екені анық.

Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәні, мазмұны қазіргі экономика ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында шығынды мейлінше азайтып, пайданы барынша арттыру болып

саналады.Егер шығындар табыстан асып түссе шаруашылықпен айналысатын субъект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін. Демек, пайда - қаржылық нәтиженің оң шамасын, кәсіпорын табысының оның шығыстарынан артық болуын білдіреді.

Пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын нәтижелі кызметінің экономикалық көрсеткіші.

Экономикалық тұрғыда пайда - бұл ақшалай түсімдер мен ақшалай төлемдер арасындағы айырма. Шаруашылық тұрғыда пайда дегеніміз - бұл кәсіпорынның жыл соңындағы және есептік кезеңнің басындағы мүліктік жағдайының айырмасы. Пайда түпкі қаржылық нәтиже ретінде кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Басқаша айтқанда, пайда күрделі экономикалық категория болып табылады, және әртүрлі экономикалық ағымдар шеңберінде түрліше анықталып, түсіндіріліп келген.

Пайда теориясының эволюциясы бухгалтерлік есепте есептелген пайданың шаруашылық іс-әрекеттің шынайы нәтижесін көрсетпейтіні туралы түсінікті қалыптастырды. Бұл бухгалтерлік және экономикалық пайда ұғымдарын айқын жіктеуге әкелді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді сатып өткізудің нәтижесі, екіншісі - капитал жұмысының нәтижесі.

Қазіргі есеп теориясында, ең алдымен ағылшын тілді елдерде, пайданың салықтық және экономикалық концепциялары қарастырылады. Осыған байланысты, пайданы есептеудің екі нұсқасы мүмкін: біріншісінде пайда салық салынатын пайда мөлшеріне тең, ал екіншісінде олардың сомалары сәйкес келмейді. Екінші жағдайда қаржылық есептің деректері кәсіпорын акциясының бағамына әсер етеді.

Сондықтан, кәсіпорын балансында және есебінде көрсетілген пайда мөлшері салық төленетін пайда мөлшеріне тең бола алмайды. Өндірістік-шаруашылық үрдісінде кәсіпорын жанды және өткен еңбектің шығындарын қамтитын қосылған құнды жасайды. Пайда қосылған құнның тек тауарлар мен қызметтерді сату нәтижесінде жасалған бөлігі болып табылады. Басқа автивтерді сату, сатудан тыс түсімдер, т.б. кәсіпорын батысын құрайды.

Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклының барлық сатысында өндіріледі, бірақ та өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.

Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайда алуға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, нарықтағы өнімнің бағасы, бәсекелік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселері және т.б. жатады.

Жалпы алғанда, кәсіпорын пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім

бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құн заңының әсерінен өнім бағасы жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі ретінде белгілі бір қызметтерді атқарады.

Біріншіден, пайда кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды. Ол шаруашылық субъектінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайда алудың өзі кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсетеді. Бірақ кәсіпорында қандай да болмасын пайда емес, барынша максималды пайда мөлшері қызықтырады. Пайда мөлшері, оның үдемелі өспелі сипаты, барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін лайықты, жеткілікті пайда мөлшері экономикалық тиімділікке итермелейді. Оның мөлшері әртүрлі факторларға

тәуелді.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ынталандыру және бөлу қызметтері туындайды. Пайда мақсат статусына ие болады, яғни

кәсіпорынның мақсатты фунциясы (барлық іс-әрекетінің түпкі мақсаты) -пайданы барынша арттыру. Пайданың өсуі өзін өзі қамтамасыз етудің, ұлғаймалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады.

Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық сәттілігін сипаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сыйпатталанады.

Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін заңды түрде реттелген тәртіппен каржыландыруға пайдаланады. [12,196б]

Сонымен, кәсіпорын пайдасы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Бұл тұжырым кәсіпкерлік іс-әрекеттің мақсаттарынан туындайды. Қазіргі батыстық қаржының басқарушылық теориясына сәйкес, бизнестің бастапқы мақсаты - өз акционерлерінің материалды мүдделілігін, яғни акцияның биржалық бағамын арттыру. Себебі, акционерлер ұзақ мерзімді қазіргі және болашақ пайданы арттыруды көздейді. Пайданы барынша арттыру - бұл қысқа мерзімдегі міндет ретінде қарастырылады.

Әрбір фирманың жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Таза табыс дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өткізуге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін фирма кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез-келген фирмада жалады ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана, орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз. Таза табыс баланстың және есептеулік болып бөлінеді.

Жалпы баланстыңпайда мынадан құралады:

- тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

- тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;

- сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудал түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда - бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.

Таза табыс жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі ңолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Таза табыс көлемін

анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік қүнының арасындағы айырмасы болып табылады.

Таза табыс белгілі бір нысандарды орындайды. Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.

Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен

қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін каржыландыруға пайдаланады.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оган кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.

Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі - фирманың жалпы табысы. Жалпы табыстың негізгі жиынық элементтері болатындар:

- өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;

- негізгі қорларды, сол сиякты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;

- өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері. [13,165б]

Фирманың таза табысы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың өзара қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып аушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

Таза табыстың түрлері және оны есептеудін әдісі

Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары

Экономикалық пайда = жалпы табыс - барлық ресурстардың

экономикалық шығындары

Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс - оның шығындары

Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығандар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады.

Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты).

Практикада фирма қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.

1 Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім; таза - пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.

2. Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдың орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.

3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді Есептегенде баланстық және таза пайданың керсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады. [14,175б]

Пайданы калыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:

- басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;

- құнды қағаздардан түскен табыстар;

- алынған айыпұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету - шаруашылықты

жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек

жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартадып шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Пайда көлемі, сонымен қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның өзгеруіне тәуелді. Өндіріс табыстылығының түсінігінде көбінесе өнім дайындау үдерісінде қалыптасқан жинақтау осы кәсіпорынға алғашқы бөлінген өндірістік қормен салыстырылады. Өндіріс табыстылығы кәсіпорын қарамағындағы болатын

мүліктердің тиімді пайдалануын көрсететін өлшеуіш болып табылады.

Табыстылықтың экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін тірі және

заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғымырат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизация ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана Айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады. [15,63б]

Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол

Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты - ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар - өндіріс көлемі - пайда.

  • шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:

  • кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;

  • шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;

  • шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;

  • өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;

  • шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;

  • бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;

  • кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;

  • шығындарды нормалау әдісін таңдау;

  • өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.

  • шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.

  • шығындарды басқарудың функциялары:

  • өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;

  • шығындарды әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша, көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша бақылау және талдау;

  • белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;

  • кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.

  • Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады. [16,178б]

Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе.

Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.

Шығындарды талдау - бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі.

Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. [19,111б]

Ақаулардан туындаған жоғалтулар ұлғайған кезде олардың себептері талданып, сонымен қатар осы шығындардың орнын толтыру мен ақауларға кеткен шығындар теңестіріледі. Басқа да өндірістік шығындарды
талдау олардың құрамының түрлері мен есепті жылдағы олардың өзгерісінің себептері өткен жылмен салыстыра отырып анықталады.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарына талдау жүргізу кезінде есепті кезеңнің нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен немесе белгіленген жоспармен салыстыру арқылы құралы мен құрылымы
бойынша шығындардың өзгеру себептері мен көлемін анықтау, шығынның өсуі немесе азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу, оларды азайтудың мүмкін болатын қорларын анықтау қажет.
1   2   3   4   5
написать администратору сайта