Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.2 Коммер

  • 2.3 Коммер

  • МАгистерскийпроект. Пайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады


    Скачать 165,19 Kb.
    НазваниеПайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады
    Дата09.06.2019
    Размер165,19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМАгистерскийпроект.docx
    ТипДокументы
    #56855
    страница3 из 5

    Подборка по базе: Табиғат ресурстарын тиімді немесе рационалды пайдалану.pptx.
    1   2   3   4   5

    2 Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруындағы экономикалық талдауды қолдану тәжірибесі

    2.1 Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасының қалыптасуы және олардың есебі (кәсіпорын мысалында)
    Шығын пен пайдалылықты талдаудың мақсаты кәсіпорын қызметінің абсолютті және салыстырмалы тиімділігін анықтауға негізделген. Берілген мәліметтер кәсіпорынның қаржылық күйін салыстырмалы талдау мен бағалаудың міндетті элементтері болып табылады. Шығын мен пайданың әр түрлы әдістер қолданылады. Тұрақты шығындар - бұл сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар. Бұған жаргерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер жалақысы, салықтөлеу, амортизациялық төлемдер,займ бойынша пайыз және т.б.жатады. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес. Өзгермелі шығындар - бұл ішкі ресурстарды қолданумен байланысты шығындар. Олар шикізатты, материал мен жұмыс күшін және т.б. сатып алуға кеткен шығындардан тұрады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді.[17,165б]

    «Маншук-АЭ» ЖШС-нің мекен жайы - Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград районы, Маншук ауылы, Центральная көшесі 1үй. Жауапкершілігі шектелген серіктестікзаңды тұлға болып табылады, азаматтық Құқықтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары бойынша оларға қайшы келмейтін және тиым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асыруға құқылы. Негізінен қызметін заңдарға және өз Жарғысына және заңдарға сәйкес жүргізеді.

    «Маншук-АЭ» ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері:

    • дәнді дақылдарды өсіру;

    • майлы дақылдарды өсіру;

    • шошқалар мен торайларды өсіру;

    • ет алу үшін басқа ірі қара мал тұқымдарын өсіру;

    • нан өндіру; жаңа ұннан жасалған кондитерлік өнімдер жасалынады

    • ет өңдеу және консервілеу;

    • ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қарастырылады.

    ЖШС өз иелігіндегі мүліктеріне қатысты өз міндеттемелеріне жауапты болады. Серіктестіктің мөрі, тауарлық белгісі,фирмалық бланкі, дербес есеп шоты бар. ЖШС филиалдар мен өкілдіктерін ашу құқығы бар.

    Жұмысшыларының орташа жылдық тізімдік саны елуден аспайды және жылдық активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есепті көрсеткішке жетпейтін кішібизнес субъектісіқұрамына жатқызылады.ЖШС мүлкін негізгі және айналым қорлары және басқа да серіктестіктің балансына көрсетілетін құндылытар жиыны құрайды. Мүліктерге серіктестіктің меншік құқығы бар. Мүліктерді қалыптастыру көздері:

    - ақша және материалдық жарналар;

    -серіктестік пайдаланатын интеллектуалдық меншік құқығы,өнеркәсіптің кей салаларында жинақталған білім мен тәжірибе, басқарма, қызмет түрлері;

    қызмет түрлері;

    -өнімдер, жұмыстар, қызметтерді сатудан алынған және басқа да шаруашылық қызметтен алынған табыстар

    - бағалы қағаздардан алынған табыстар, банк несиелері;

    - Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған көздер.

    Шаруашылық қызмет барысында пайда болған зиян резервтік капитал есебінен жабылады. Алынған табыстың бөлінуі қатысушының шешімі негізінде анықталады. Таза табыс сомасы салықтарды толық төлегеннен кейін қатысушының иелігінде қалған табыстың бір бөлігі болып табылады.
    «Маншук-АЭ» ЖШС-нің 2017-2018 жылдардың бухгалтерлік баланс мәліметтерді бойынша активтері мен пассивтерінің құрамына және құрылымына талдау жасаймыз.

    «Маншук-АЭ» ЖШС-нің 2018жылғы бухгалтерлік балансы негізінде көлденең талдау(мың теңге есебінде)*


    Баланс баптары


    Жыл басы

    Жыл соңы

    Ауытқуы

















    а) жиынтық пайда(TR) - белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық пайда тауар санын онын бағасына көбейткенде тең: TR=Q*P

    ә) орташа пайда (AR)- салынатын бір тауар бірлігінен алынатын пайда;

    б)шекті пайда(MR) - бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша пайда. Шекті пайда жыйынтық пайданың бірлігі тауары мен жиынтық пайданың бірлігі тауарынын арасындағы айырма тең.Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынандай болғанда максимум пайдаға қол жеткізеді, қай кезде шекті пайда шекті шығынға тең болған жағдайда: MC=MR

    2.2 Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын бағалау (кәсіпорын мысалында)

    Кәсіпорынның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған пайдаларының жиынтығынан қалыптасады.

    Абсолюттік көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі туралы мәлімет бермегендіктен, табыстың (рентабельділігі) қатыстық көрсеткіштеріне талдау жүргізу қажет.

    Табыстың қатыстық көрсеткіштері кәсіпорын қызметінің тиімділігін, яғни, нарықтық экономика жағдайында қаржылық төзімділіке қабілеттілігін, қаржыландыру көздерін тарту және оладың табыстық (пайдалық) қолдануын сипаттайтын табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері болып табылады. Олар кәсіпорын табыстылығын әртүрлі позициямен өлшейді және экономикалық үрдіс, нарықтық алмасу қатысушыларының қызығушылықтарына сәйкес топтастырылады. Табыс коэффициенті кәсіпорын табысының(пайдасының) қалыптасуының факторлық ортасының маңызды сипаттамасы болып табылғандықтан, салыстырмалы талдаудың және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады. [21,195б]

    2.3 Коммерциялық ұйымдардың шығындары мен пайдасын басқаруда экономикалық талдау әдістемелірін пайдалану тәжірибелері
    2 бөлімде «Маншук АЭ» ЖШС-нің қазіргі шаруашылық жағдайына, пайдалылық және табыстылық көрсеткіштеріне талдау жүргізілді.

    Нақты нәтижесі жоспарлық мәнді 4,5% арттырды және еңбек өнімділігі бойынша салалық көрсеткіш 3,8 есеге артты. Жобаларды қаржыландырудың жалпы көлеміндегі инновациялық жобаларды қаржыландыру үлесі 30,5%.

    Ал кәсіпорын қаржылық шаруашылығын талдау баланстың активтерінің, міндеттемелерінің және капиталының құрамы мен құрылымын талданды, өтімділік коэффициенттері есептелді.

    Талдау нәтижесінде ЖШС активтері 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 265 000 млн. теңгеге немесе 38,1%-ға өсіп 959 828 млн. теңгені құрады. Ақша қаражаттары мен оның баламалары 2017 жылдан 63.6%-ға өсіп 2018 жылдың соңына 91 304 млн. теңгені құрады. Клиенттерге берілген несиелер 3,9%-ға өсіп есепті кезеңде 2018 жылы 207179 млн. теңгеге жетті. Құнсыздану резервтері бұл кезеңде 29 564 млн. теңгені немесе клиенттерге берілген несиелердің 12,49% құрады. Холдингтің жалпы міндеттемелері 2017 жылмен салыстырғанда 63%-өсіп 2018 жылдың желтоқсанының соңында 617 788 млн. теңгені құрады. Жалпы міндеттемелер активтердің 64% құрады.

    Шығарылған борыштық бағалы қағаздар қаражаттар 2018 жыла 2017 жылмен салыстырғанда 17 682 млн. теңгеге немесе 15,1%-ға өсіп 134 937 млн. теңгені құрады, яғни жалпы міндеттемелердің 22%-н, ал активтердің 14% құрап отыр. Кәсіпорын капиталы жыл сайын өсу динамикасына ие. Жалпы капитал сомасы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға өсіп есепті кезең соңында 342 040,5 млн.теңгені құрады.

    Әрі қарай ЖШС-тің табысы талданып, табыстылық және рентабельділік көрсеткіштері есептелді және нәтижелері анықталды. «Маншук АЭ» ЖШС-тің 2018 жылы таза пайдасы 250,7 %-дан немесе 2,5 еседей өсіп есепті жылы 5 944,7 млн.теңгені құрады. Ал пайыздық кірістер бойынша көрсеткіш 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 38,4%-ға артып есепті кезеңде 45129,6 млн. теңгені құрады.

    Рентабельділік көрсеткіштері де жоғары нәтиже көрсетті алдыңғы жылмен салыстырғанда. Активтердің рентабельділігі 0,38% -ға артып 2018 жылы 0,62% құрады. Ал меншікті капиталдың рентабельділігі 1,74%-ға артып есепті кезеңде 0,54% құрады. Өткізілген өнімнің әрбір теңгесіне 2018 жылда холдинг 16 % пайда алды, яғни 2017 жылмен салыстырғанда 11,89%-ға жоғары. [22,124б]

    Талдау нәтижелерін қорытындылай келе, «Маншук АЭ» ЖШС-нің қаржылық жағдайы тұрақты, банкроттыққа ұшырау қауіпі жоқ. 2018 жала холдинг 5 945 млн. теңге таза табыс тапты, бұл көрсеткіш 2017 жылдан 253%-ға артық. Таза пайданың өсуі өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құнының төмендеуі мен мемлекеттік субсидиядан табыс тауына байланысты болып табылды.

    «Маншук АЭ» ЖШС–гі 2017 жылдың желтоқсан айында өзі шығаруға мүмкіндігі бар максималды өндіріс көлемі 2000 дана өнімді құрады. Мұндай өндіріс көлемі кезінде шығындардың жалпы сомасы – 1 250 000 теңге. Минималды өндіріс көлемі кезінде мысалы -1500 дана өнім, осыған сәйкес шығыстардың сомасы -1 000 000 теңгені құрады.

    Бастапқыда бір өнім бірлігіне шыққан өзгермелі шығыстарды анықтайық:

    1 250 000 - 1 000 000) / ( 2000 -1500) = 500 теңге.

    Содан кейін тұрақты шығындардың жалпы сомасын тауып аламыз:

    1 250 000 – 500 х 2000 =250 000 теңге, немесе

    1 000 000 -500 х 1500 = 250 000 теңге.

    Бұл мысалда шығындардың теңдігі келесідей болады:

    Y = 250 000 + 500x.

    Осы теңдік негізінде кез келген өндіріс көлеміне жалпы шығындардың сомасын болжауға болады.

    Көп түрлі өндіріс кезінде тұрақты шығындардың сомасын анықтау үшін і түрлі өнім көлемін емес жалпы шығарылған өнім көлемін аламыз, ал бір өнім бірлігіне шыққан өзгермелі шығындардың орнына бір теңге өнім үлесіндегі өзгермелі шығындар көрсеткішін аламыз.

    Серіктестікке тапсырыстың берілуіне байланысты өнім шығару көлемі және шығындар бүкіл жыл бойы ауытқып өзгеріп тұрды. Минималды айлық өндіріс -35 000 000 теңге болды, ал максималды өндіріс көлемі – 50 000 000 теңге болды. Шығындар соған сәйкесті 30 375 000 теңге және 39 000 000 теңгені құрады.

    Осы ақпараттарды пайдаланып өнім бір теңгесіндегі өзгермелі шығындардың үлесін анықтайық:

    ӨШҮ= 39 000 000 – 30 375 000 / 50 000 000 – 35 000 000= 8 625 000/ 15 000 000= 0,575 теңге.

    Бір ай ішіндегі тұрақты шығындар сомасы келесідей:

    А = З1 - ӨШҮ х ВП1 = 30 375 000 – 0,575 х 35 000 000 = 10 250 000 теңге, ал бір жылда – 123 000 000 теңге.

    Ал енді «Маншук АЭ» ЖШС-нің тұрақты шығындарын сомасын графикалық әдіспен есептейік. Графикте екі нүкте көрсетілген, ол нүктелер максималды және минималды өндірістегі жалпы шығыстарға сәйкес келеді (3-сурет). Ол шығындар деңгейі көрсетілген нүкте ордината осіне жеткенше қиылысады. Ордината осін қиып өткен нүкте тұрақты шығындардың көлемін көрсетеді, оның көлемі максималды өнідіріс көлемінде де, минималды өндіріс көлемінде де бірдей болады.

    Егер бірінші теңдіктегі барлық мәндерді 11 500, ал екінші теңдіктегі мәндерді 12 көбейтсек келесідей теңдікті аламыз:

    138 000а + 26 450 000b = 9 545 000,

    138 000a + 28 320 000b = 9 733 200.

    1 870 000b = 188 200; b = 0,1

    a = ( 4150 – 11 500 * 0,1)/ 12 = 250.

    (Y = 250 + ) 0,1x болғандықтан, бұл мысалда тұрақты шығындардың сомасы 250 мың теңгені құрады, бір өнім бірлігіндегі өзгермелі шығындар -500 теңгені құрады.

    Өнім өндірісі үшін шыққан жалпы шығындар сомасын анықтау.

    Өнімнің өзіндік құнының талдауын толық өзіндік құнды анықтаудан және шығындар элементтері бойынша анықтайды.Шығындардың жалпы сомасы мыналардың есебінен өзгеруі мүмкін:

    - толықтай кәсіпорын бойынша өнімді шығару көлемі;

    - құрылымы;

    - өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындардың дәрежесі;

    - өнімді шығаруға кеткен тұрақты шығындар сомасы.[23,165б]

    Кесте-5(Қосымша-Г) көрініп тұрғандай, 2017 жылы шартты- натуралдық көріністегі жалпы өзіндік құн 2016 жылмен салыстырғанда 32,3 %-ға өсіп 1 057 217 мың теңгені құрады, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 67,4 %-ға өсіп 1 770 552 мың теңгені құрады. 2017 жылы ұсталымдар 22,2 %- ға артық жұмсалуына байланысты шығындар сомасы 253 828 мың теңгеге ұлғайды, ал 2018 жылы 78,7 %-ға өсіп 453 779 мың теңгені құрады.Келтірілген мәліметтерден көрінгендей, шығындарды артық мөлшерде жұмсау материалдық және де басқа да шығын баптарындағы артық жұмсалымдар есебінен болды.

    Өз кезегінде өнімнің өзіндік құны өндірістің ресурс сыйымдылығының (еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылық, қор сыйымдылық, жылу сыйымдылық) және инфляция жағдайына байланысты пайдаланған ресурстар бағасының өзгеру дәрежесіне тәуелді.

    Ол үшін өнімді өндіруге кеткен ресурстардың фактілік көлемін ресурстардың әрбір түрі бойынша құнының орташа өзгеру дәрежесіне көбейтіп, алынған нәтижелерді қосу керек:

    ЗЦ = (Ц 1 – Р ) (9)

    Берілген факторлар есебінен талданып отырған кәсіпорынның 2018 жылы өнімді өндіруге кеткен шығындарының жалпы сомасы 2016 жылмен салыстырғанда 971 563 мың теңгеге, ал 2017 жылмен салыстырғанда 713 335 мың теңгеге көбейді. Осыдан келіп, өнімнің ресурссыйымдылығының дәрежесінің ұлғаюы есебінен шығындар үш жылдың ішінде 121,6 %-ға ұлғайған.

    Ережеге сай, өнімнің өзіндік құнының көп үлесін шикізаттар мен материалдарға кеткен шығындар алып тұр. Бұл бап бойынша шығындардың жалпы сомасы өндірілетін өнімнің көлеміне, оның құрылымына байланысты.

    Қорыта келгенде, «Маншук АЭ» ЖШС өнімнің өзіндік құнын өзгермелі өндірістік шығындар негізінде калькуляциялайды. Өнімнің өзіндік құнына материалдық шығындар, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы және өндірістік үстеме шығындар кіреді. Серіктестіктегі өнімнің өзіндік құнының төмендеуі негізінен өндіріске жаңа технологияларды енгізудің, материалдар бағасының арзандауынан болып отыр.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта