Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолданылған әдеби

  • МАгистерскийпроект. Пайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады


    Скачать 165,19 Kb.
    НазваниеПайда жне шыындарыны ксіпорын ызметіндегі атаратын рлі лкен, ол ксіпорынны млкіні лаюыны, арыз аражаттар тартуды, жалпы леуметтікэкономикалы дамуыны алышарты болып табылады
    Дата09.06.2019
    Размер165,19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМАгистерскийпроект.docx.docx
    ТипДокументы
    #56855
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5
    Қорытынды
    Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, төмендегідей негізгі түйіндер мен тұжырымдар жасауға болады:

    Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті көрсетеді.

    Пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру қорын жасау және пайдалану үдерісі кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің арасында, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 Бұйрығына сәйкес, қорытынды пайда - салық салғанға дейінгі кірістер мен шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен тиісті есепті кезеңге анықталатын ставка бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы немесе жеке кәсіпкердің жеке табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

    Нарықтық жағдайында әрекет ететін кәсіпорынның жұмысында маңыздысы өндірістік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды зерттеу болып табылады.

    «Маншук АЭ» ЖШС өндірістік шығындар есебіндегі өнімнің өзіндік құнын талдау барысында төмендегідей қорытынды жасалған.

    Калькуляциялау объектісіне (шығын шығарушы) - өткізуге арналған кәсіпорынның өнім (жұмыс, қызмет) түрлері жатады. Оның іріктемесі калькуляциялау процесінің алдында жүреді.

    «Маншук АЭ» ЖШС-де калькуляциялау келесі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:

    • өндіріс шығындарын жіктеу;

    • шығын есебінің объектісін, калькуляциялау объекьтісін және калькуляциялық бірлікті белгілеумен;

    • жанама шығынды бөлу әдісін іріктемеумен;

    • шығынды кезеңдер бойынша жіктеумен;

    • өндірістің және күрделі қаржы жұмсалымының ағымдағы шығыны бойынша бөлек есеппен;

    • шығын есебінің әдісі мен калькуляциялауды іріктеумен.

    «Маншук АЭ» ЖШС-де өзіндік құнды жоспарлау мен есептеу шығын элементтері бойынша және калькуляция баптары бойынша жүргізіледі.

    Серіктестікте шығындар элементі бойынша материалдық шығындар (шикізат және материалдар, сатып алынған бұйымдар және жартылай фабрикаттар, отын, электр энергиясы, жылу энергиясы және т.б.), еңбекақы бойынша шығындар, әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар, негізгі құралдардың амортизациясы, басқа да шығындар (өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық емес активтердің құнсыздануы, жалдау ақысы, міндетті сақтандыру төлемдері, банк несиелері бойынша пайыздар, салықтар, бюджеттік емес қорларға аудырымдар және т.б.) болып ажыратылады.

    Шығынды толық қосылуына байланысты шығын әдісі толық шығынды және өзгермелі шығынды деп бөлінеді.

    Толық шығын есебінің ерекшелігі - тікелей шығындар әзірленген және пайдаланылған мөлшерге сәйкес өнімнің басқа өлшемдеріне немесе бірлікке тікелей қатысты.

    Өнім өндіру мен калькуляциялау шығын есебінің басқа бір нұсқасы - өзіндік құндардың толық емес есебі. Толық емес өзіндік құн есеп жүйесінің артықшылығы - баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге болады және есеп, жоспарлау, мөлшерлеу процестерін, сондай - ақ шығындар мен нәтижелерді бақылау мен бағалауды ықшамдауға болады.

    Өнімнің өзіндік құнын талдау берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын, оның дәрежесі бойынша жоспардың орындалуын анықтауға оның өсіміне әсер ететін факторларды анықтауға, резервтерді анықтап, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндіктерін пайдалану шараларын түзетуге мүмкіндік береді.

    Талданып отырған кәсіпорын келтірілген мәліметтер негізінде, мыналардың есебінен өнімнің өзіндік құнының дәрежесінің төмендетілу тенденциясын байқауға болады:

    - шикізат пен материалдарды үнемді пайдалану;

    - басқа да шығындарды азайту;

    - амортизациялық аударымдар сомаларын азайту;

    - өндірістік ақаулардың жоқтығы.

    «Маншук АЭ» ЖШС-да өндірілетін тауарлары жоғары сапалы, нормалар мен стандарттарға жауап береді. Өндіретін өнімінің өзіндік құны жоғары емес және де серіктестік өнімі Қазақстан Республикасында және шет елдерде үлкен сұранысқа ие.

    Серіктестік өзі қызметтік және сауда -саттық әріптестігін жүргізетін мекемелер басшыларынан сапалы өнім жасап шығарғаны үшін алғыс хаттар да алды.

    Жасалған талдау негізінде «Маншук АЭ» ЖШС -нің өндірілген өнімнің өзіндік құны жыл сайын төмендегенін көруге болады. Бұл нақтылы шығын баптары бойынша шығындардың азаюымен байланысты. Бұл өндіріске жаңа технологиялар мен материалдық шығындардың төмендеуінен болып отыр.

    Қорыта келгенде өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның негізгі синтетикалық көрсеткіш болып табылады, өйткені оның құрамында шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрсетіледі. Өнімнің өзіндік құны арқылы кәсіпорынның барлық шығындары көрініс табады, ол кәсіпорынның негізгі капиталын, материалдық, еңбек ресурстарының қалай қолайлы қолданып жатқанын көрсетеді.

    Кез келген кәсіпорынның негізгі көздеген мақсаты пайда табу болып табылады. Пайда табудың негізі болып олардың сататын өнімдерінің өзіндік құнын төмендету болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету кәсіпорынның өнімін нарықта бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатып, пайданы көбейтеді, осыған байланысты кәсіпорында инвестицияны орналастыруға және әлеуметтік және басқа да бағдарламаларын орындауға қаржылары артады.

    Өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін келесі шараларды қолданған дұрыс: шығындарды төмендету бойынша шаралардың орындалмауының себептерін анықтау және оны орындау үшін өз иелігіндегі резервтерді қарастыру, болашақта шығындарды төмендетіп, өндірістің техникалық жағдайын, өнім өндіру процесі мен еңбек ету процесін жақсарту, құралдарды тиімді қолдану арқылы еңбек өнімділігін жақсарту, шикізат пен материалдарды, энергия, жанар жағармайды тиімді қолдану, өндірістік емес шығындарды төмендету.


    Қолданылған әдебиеттер тізімі:


    1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана: Елорда, 2014.

    2. С.А.Аханов, Қ.Ә.Тазабеков,Экономика:Әлемдік классика, Алматы, 2006

    3. Байдаков А.К., Кешенді экономиқалық талдау, оқу кұралы - Астана: С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ , 2014 - 290 б.

    4. Утибаев Б.С., Аманова Г.Д., Байдаков А.К., Экономический анализ, учебник Алматы, 2015-424 с.

    5. Назарова В.Л, Жапбарханов М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы: Экономика, 2012.

    6. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. - Алматы: Қазақстан аудит орталығы, 2002.

    7. Воронова Е.Ю., Ушина Г.В. Управленческий учет на предприятии. Учебное пособие. - М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2006

    8. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. - Алматы: Экономика, 2005.

    9. Карпова Т.П. Управленческий учет. Учебник. - М.: ЮНИТИ, 2002.

    10. Акчурина Е.В., Солодко Л.П., Казин А.В. Управленческий учет. Учеб.-практ.пособие.-М: Проспект,2004.

    11. Палий В.Ф. Основы калькуляции. М.: Финансы и статистика, 2000.

    12. Шеремет А.Д. Управленческий учет. - М: ФБК -Пресс, 2000.

    13. Кондратьева Н.С. Основы управленческого учета.Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2000.

    14. Б.С.Өтебаев, Қаржылық талдау,Астана,2008.

    15. Шим Дж., Сигел Дж. Г. Методы управления себестоимости и анализа затрат. - М.: Филинъ, 2001.

    16. Николаева С.А. Принципы формирования и калькулирования себестоимости. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ – костинг». - М.: Аналитика-пресс, 2001.

    17. Керимов В.Э. Управленческий учет в организациях и предприятиях потребительской кооперации.Учебник. - М.: Дашков и Ко, 2003.

    18. Хот Ф.Т. Система «Стандарт-кост» через призму бухгалтерского учета // Экономический анализ: теория и практика.- 2008 - №1 (106).- 2-10 бб.

    19. Пивкин С.А. Особенности выбора базы распределения расходов при расчете себестоимости продукции производственного предприятия // Экономический анализ: теория и практика.- 2007.-№ 9 (90).- 63-70 бб.

    20. Хорнгерн Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. - М.: Финансы и статистика, 2003.

    21. Ерижев М.К. Оценка косвенных расходов и ее роль в управлении затратами современной компании //Экономический анализ: теория и практика. - 2007.-№23(104). –43-47 бб.

    22. Зенина Е.В. Система директ –костинг как основа совершенствования учета затрат на производство // АльПари. – 2007.- №3-4.-124-126 бб.

    23. Макарьева В.И., Андреева Л.В. Анализ финансово – хозяйственной деятельности организации. - М.: Финансы и статистика, 2005.

    24. Протасов В.Ф. Анализ деятельности предприятия (фирмы): производство, экономика, финансы, инвестиции, маркетинг. - М.: Финансы и статистика, 2003.

    25. Чечевицина Л.Н., Чуев И.Н. Анализ финансово - хозяйственной деятельности: Учебник. - М.: Издательско - торговая корпорация «Дашков и Ко», 2005.

    26. Бекишева А.И. Шығындарды басқару және өнімнің өзіндік құнын есептеу // Қаржы менеджменті.- 2008.- №1 (1).-9-13 бб.

    27. Ким Л.А. Өндіріс шығындары есебіндегі өнімнің өзіндік құнын анықтау- артықшылықтары мен кемшіліктері // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. - 2008.- №2 (66). – 109-115 бб.

    28. Ивченко Е. Қазақстандық компаниялардың Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшудегі қиыншылықтары // МСФО.- 2007.- №49.-10-13 бб.

    29. Андыбаева Г.Т., Канабеков А.К.,Абитова А.К. Экономикалық талдау, Алматы,2016

    30. Власова И.С. Анализ затарт на производство и калькуляция себестоимости // Экономический анализ: теория и практика. – 2007.-№17(98). –34-39 бб.

    31. Кеулiмжаев Қ.Қ., Әжiбаева З.Т. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001ж.

    32. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2005 ж.


    Қосымша-А


    Қосымша-Б
    Қосымша-В


    1   2   3   4   5
    написать администратору сайта